Haier LET22T1000HF User Manual Page 43

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 60
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 42
43
02 Кіріспе



Антеннаны теледидардың артқы жағындағы ұялар
панелінде орналасқан ANTENNA IN ұяшығына
енгізіңіз.

Сигнал нашар жерлерде кескін сипатын жақсарту
үшін сигнал күшейткішін (жеткізу жинағына кірмейді)
қолданыңыз.

Теледидарды компьютерге арналған монитор ретінде
пайдалануға болады, бұл үшін оны VGA кабелінің
(жеткізілім жинағына кірмейді) көмегімен қосу керек.
1. Компьютер нұсқаулығын оқып шығып, VGA
ұясының бар-жоғын анықтаңыз.
2. Теледидар мен компьютерді желіден ажыратыңыз.
3. D типті қосқыш 15-штырьковый кабельді
компьютердегі VGA видеоинтерфейс ұясына
қосыңыз. Кабельдің екінші ұшын теледидардағы
интерфейс ұясына қосыңыз. VGA ұяларындағы
винттерді бекітіп, аудио кабельді (жеткізілім
жинағына кірмейді) теледидардың артқы
панеліндегі ұяға қосыңыз.
4. Алдымен теледидарды, сосын компьютерді
қосыңыз.
5. Теледидардағы немесе қашықтықтан басқару
пультіндегі кіріс видеосигналын баптау түймесін
басыңыз.
6. Анық кескінге қол жеткізу үшін, компьютер
мониторының ажыратымдылығын өзгертіңіз,
басқа жаңарту жиілігін таңдаңыз немесе менюде
жарқындық пен контрастты реттеңіз.


DVD-ойнатқышты немесе видеомагнитофонды
теледидарға қосудың екі тәсілі бар. Қоспас бұрын
теледидар мен қосылатын құрылғының өшірулі екеніне
көз жеткізіңіз.
1. DVD-ойнатқыштың немесе видеомагнитофонның
аудио- және видеокабелін теледидардағы AV IN
ұясына енгізіңіз.
2. Аудиокабельдің оң және сол ашасын сәйкес
ұяшыққа енгізіңіз (8)
AV режимін таңдау үшін кіріс видеосигналды баптау
түймесін (SOURCE) басыңыз.

1. Сыртқы құрылғының (DVD-ойнатқыш,
телевизиялық немесе ойын приставкасы) SCART
бауын теледидардағы SCART штепсельдік ұясына
жалғаңыз.
2. SOURCE түймесін басып, SCART режимін
таңдаңыз.
3. Сыртқы құрылғыдағы PLAY (Бастау) түймесін
басыңыз.

1. HDMI құрылғысынан кабельді теледидардағы
HDMI ұясына жалғаңыз.
2. SOURCE түймесін басып, HDMI режимін
таңдаңыз.
3. HDMI құрылғысын пайдалану бойынша
нұсқаулықпен танысыңыз.

Құлаққаптар ұясын құрылғыдағы тиісті ұяға
(HEADPHONE) енгізіңіз. Енді құлаққаптар қосулы.

 бұл аудио құрылғыны, мысалы, үй кинотеа-
трын немесе басқа да сандық HiFi жүйелерін кішігірім
қашықтықтан қосуға пайдаланылатын сандық аудио
қосылым. Сигнал RCA ұялары бар коаксиалды кабель
арқылы беріледі.
1. Қоспас бұрын теледидар мен қосылатын
құрылғының өшірулі екеніне көз жеткізіңіз.
2. AV кабельдерін (жинаққа кірмейді) теледидардың
S/PDIF ұясына және үй кинотеатрының аудио
жүйесіне немесе HiFi сандық жүйесіне қосыңыз.
Page view 42
1 2 ... 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 ... 59 60

Comments to this Manuals

No comments